ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Академиялық қазақ тілінің корпусы
Жобаның негізгі идеясы – қазақ тілінің академиялық мәтіндердегі – монографиялар, мақалалар, баяндамалар, тезистер, абстрактылар және диссертациялардағы — ғылыми және қолданыстық әлеуеті мен мүмкіндіктерін бекемдеу, академиялық қазақ тілі ұғымын орнықтыру, қазақ тілінде академиялық мәтін лексикасын іріктеу, қазақ тілінің академиялық сөздер тізімін әзірлеу.

Академиялық корпус құру
Академиялық мәтіндер қорын жинақтап, зерттеулерге арналған дереккөз

Ғылыми әлеуетті арттыру
Қазақ тілінің ғылымдағы және қолданыстағы мүмкіндіктерін кеңейту

Технологиялық интеграция
Цифрлық технологияларды гуманитарлық ғылымдарда қолдануды жеделдету

Қолданыс аясын кеңейту
Қазақ тілін зерттеу мен оқытуды халықаралық кеңістікте арттыру
Академиялық қазақ тілінің корпусы:
Цифрлық гуманитарлық ғылымдар: Академиялық қазақ тілінің корпусын әзірлеу
Бұл жоба қазақ тілінің академиялық және ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты – қазақ тілінде жазбаша академиялық мәтіндердің корпусын әзірлеу. Ол монографиялар, мақалалар, баяндамалар және диссертациялар секілді жазба мәтіндерден құралған, кемінде 5 миллион сөзден тұратын ауқымды деректер жиынтығын қамтиды. Корпус қазақ тілінің академиялық мәтіндердегі қолданысын тануға және академиялық тіл ретінде орнығуына ықпал етеді.
Академиялық қазақ тілінің корпусы:
Ғылыми жобаның мақсаты
Жоба аясында кемінде 5 000 000 сөзден тұратын қазақ тілінің академиялық жазбаша корпусы құрылатын болады, оның ішінде 50 000 сөз аннотацияланады. Бұл корпус қазақ тілінің қазіргі ғылыми қолданысын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Осылайша, жинақталған деректер заманауи ғылыми-зерттеу инфрақұрылымындағы қазақ тілінің ғылыми әлеуетін айқындайтын маңызды дереккөзге айналады. Корпус қазақ тілінің академиялық мәтіндердегі қолданысын тереңірек талдауға, тілдік ресурстарды жетілдіруге, әрі осы бағытта ғылыми зерттеулер жүргізуге қажетті құрал ретінде қызмет етеді.
Академиялық қазақ тілінің корпусы:
Академиялық қазақ тілі корпусының бағыттары
Бұл жоба қазақ тілінің ғылыми әлеуетін арттыруға және академиялық қазақ тілінің мүмкіндіктерін зерттеп тануға бағытталған. Төменде корпус бөлімдері мен олардың қызметтері көрсетілген.
Жоба туралы жалпы ақпарат
Қазақ тілінің ғылыми әлеуетін дамыту және зерттеушілер мен тіл үйренушілерге арналған маңызды дерекқор құру
Корпус құрылымы және мазмұны
Академиялық мәтіндердің кең спектрі: монографиялар, мақалалар, диссертациялар, оқулықтар, оқу құралдары
Қолдану және пайдасы
Студенттер, зерттеушілер, тілді үйретушілер мен тіл үйренушілер үшін оқу және зерттеу мақсаттарында пайдалану
Ғылыми және білім беру ресурстары
Қазақ тілін зерттеуді және оқытуды халықаралық деңгейге шығару және зерттеу салаларымен интеграция
Академиялық қазақ тілінің корпусы:
Біздің миссиямыз
Қазақ тілінің академиялық жазбаша корпусын әзірлеу жобасы – бұл қазақ тілінің ғылым тілі ретінде академиялық мәтіндердегі табиғи қолданысын танып зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашып, тілдің отандық және халықаралық деңгейде зерттелуі мен оқытылуын жаңартуға бағытталған бастама.

Оқыту
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда және басқа ұлт өкілдеріне шет тілі ретінде меңгертуде қажетті лингводидактикалық және лингвоқолданбалы базасын жасау ісі

Зерттеу
Қазақ тілінің ғылыми және қолданбалы әлеуеті мен мүмкіндігін ақпараттық-технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып зерттеу, пәнаралық ғылыми зерттеулерді арттыру

Қоғамдастық
Халықаралық зерттеушілер қауымдастығына ашық платформа.

Басқару
Зерттеу жобалары мен қазақ тілін дамыту жұмыстары
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ
Сәрсеке Гүлнәр Әдебиетқызы
Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты (ҚазМҰУ, 1998), «Білім беру саласындағы басқару» магистрі (King’s College London, 2013).
Ғылыми атағы: доцент (2001).
Білімі: King’s College London, магистратура (2012-2013); ҚазМҰУ, аспирантура (1996-1998); Павлодар педагогикалық институты, қазақ тілі мен әдебиеті (1989-1994).
Жетістіктері: «Болашақ» стипендиясының иегері (2010); ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2008); International Scholar Exchange Fellowship (Корея, 2017-2018); ITEC стипендиясының иегері (Үндістан, 2015); зерттеуші лингвист (Мэриленд университеті, АҚШ, 2020).
Жоба бойынша тәжірибесі: Мэриленд университетінің ағылшын және қазақ тілдерінің корпусын әзірлеу бойынша 6 айлық ғылыми жобасына қатысу; Назарбаев Университетінің «Қазіргі қазақ сөйлеу тілінің мультимедиялық корпусы» жобасында қосалқы жетекші (2021-2023); «Корпус лингвистикасы» пәнін оқыту тәжірибесі.
Академиялық қазақ тілінің корпусы:
СЕРІКТЕСТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ЖАЗЫЛУ
Құрметті оқырман, біздің жаңалықтар таралымына жазылыңыз! Сіз ең соңғы жаңалықтар мен қызықты мақалаларды, арнайы ұсыныстар мен шараларды бірінші болып біліп отырасыз.